12
апрель
2021
"Энергетикалық сусындардың адам ағзасына әсері»
№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының тәрбие жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында білім алушылар арасында денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту мақсатында "Энергетикалық сусындардың адам ағзасына әсері» тақырыбында ақпараттық флаерлер таратылып, білім алушыларға энергетикалық сусындардың құрамында бар глюкоза мен кофеин адам ағзасына үшін өте зиян екендігін, көп мөлшерде "В" дәрумені жүрек соғысын жиілетіп, аяқ-қолдардың дірілдеуіне себеп болатынын, "кофеин" жүйке жүйесін әлсірететінін, сусында ешқандай энергия жоқ, ол тек энергия қоздырушысы екендігін білді. Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін, денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсінді.