Дұрыс тамақтану -денсаулық кепілі" онкүндігінің ашылуы
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында білім алушылардың бойында жауапкершілік, адалдық , денсаулық құндылықтарын дарыту, дұрыс тамақтану ережелерін сақтауға шақыру мақсатында Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп-гимназиясында
"Дұрыс тамақтану -денсаулық кепілі" онкүндігінің ашылуы болып өтті.
Іс-шара "Керім-ай" бишілер тобының биімен ашылып, жүргізушілердің "Дә
румендер жәрмеңкесі", "Қандай тағам?, "Пайдалы, зиянды" ойындарына көрермендер белсене қатысып, өз күн тәртібін дұрыс құрастыруды үйренді.4"В", 5"Г" сынып білім алушылары "Дұрыс тамақтану формуласымен" таныстырса, 7 сыныптар "Балық пен ет құрамы", 8 сыныптар "Сүт және сүт өнімдері", 9 сынып білім алушылары "Нан және ұннан жасалатын өнімдер", 10 сынып білім алушылары "Көкөністер мен жемістер" туралы қысқаша қызықты ақпараттармен бөлісті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнур Кумисбековна дұрыс тамақтанудың пайдасын және онкүндік аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырып өтті.Іс-шара кішкентай бүлдіршіндердің "Аспазшылар" биімен аяқталды.