22
декабрь
2023
"Денсаулық және дұрыс тамақтану мәдениеті"
"Денсаулық және дұрыс тамақтану мәдениеті" "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында білім алушылардың жақсы денсаулығының, жан – жақты дамуының кепілдігі – тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын үйрету, Тәрбие шараның барысында білім алушыларға дұрыс тамақтанудың негізгі принциптері, тамақтану тәртібі, тамақтану мәдениеті, салуатты өмір салтына қатысты қағидалар айтылды. «Адам ағзасына фаст – фудтың зияны» туралы бейнеролик көрсетілді. Білім алушылар бейнеролик туралы өз ойларын ортаға салып талқылады, дұрыс тамақтану жайында көптеген өздеріне қажетті мағлұмат алды. Дұрыс тамақтанып айтылған ережені орындай білсек, денсаулығымыз мықты, берік болары сөзсіз. Сондықтан да дұрыс тамақтану әр адамның қолында!