13
апрель
2021
«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» сынып сағаттары
2021 жылдың 12-16 сәуір аралығында «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» сынып сағаттары болып өтті. Сынып сағаттарының нәтижесінде оқушылар дұрыс тамақтанудың - адам денсаулығының құрамдас бір бөлігі болып табылатындығын, планетарлық масштабта өлімнің 60 % дұрыс тамақтанбаумен тура байланысты екенін, тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болу керектігін, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге дұрыс тамақтанудың пайдасы зор екендігіне көз жеткізді.