Мектеп асханасына тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу комиссиясының (бракеражды комиссиясы) тексеру туралы №2 АҚПАРАТ
Мектеп асханасына тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу (бракеражды комиссиясы) қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптардың орындалуы, мектеп асханасында азық-түліктерді уақытылы пайдалану, олардың сақталу мерзімі, перстпективалық мәзірдің және күн сайынғы мәзірдің дайындалған астардың сәйкестігін тексеру, балалардың қол жуатын орындары, астарды тоңазытқыштарда, қоймаларда, сақтау, ас әзірлейтін блоктың санитарлық жай-күйі, келіп түскен тамақ өнімдерінің сапасын, дайын тағамның сапасын бақылау мақсатында 2024 жылдың 9 қазан күні кезекті тексеру жүргізді. Тексеру нəтижесіндегі анықталған кемшіліктер бойынша ас мәзіріне сәйкес, тағамдарды үлестіру өз мөлшерінде нормасына сай берілуін медициналық қызметкер және аспазшы тарапынан қадағаланып үлестірілді, котлет, томат, тауық еті (цыплята табака) өнімдерінің сертификаттары жаңаланды.