09
сентябрь
2022
"Өмір қымбат сый", "Өмір сен кереметсің"
2022 жылдың 9 қыркүйек күні "10-қыркүйек Дүниежүзілік суицидтің алдын алу"күніне орай «ӨМІР ҚЫМБАТ СЫЙ» тақырыбында сынып жетекшілер мен мектеп психологтары бірлесе отырып, тренингтер өткізіп, кеңестерімен бөлісті. Бұл іс-шараның мақсаты: өмір адам баласына бір ақ рет берілетін қымбат сый екеніне ықпал ету, өмір құндылықтарының мәнін ашу арқылы адам өмірінің сипаты мол тірлігі туралы ұғымдарын кеңейту, өмір сырын түсіну, тіршілік қиындықтарын жеңіп шығуға үйрету, адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту, жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту, балалардың ойын ашу, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру болып табылды.