17
ноябрь
2022
"Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?"
Өскелең ұрпақтың, қыздардың бойына сапалы білім мен саналы тәрбиені сіңіру, болашақ жар, ана екендіктерін ұғындыру, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, адам баласының өмірінде болатын әрбір кезеңнің өз орны, өз уақыты бар екенін ұғындыру, қыз баланың ары мен абыройы, сыры мен сымбатын сақтауы, келешек өміріне даярлығы - қыз баланың болмысын биіктететін, оның тұлғалық ерекшеліктерін айқындайтын тәрбие мен ұлттық құндылықтар туралы айту мақсатында Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?» тақырыбында Меркі аудандық орталық аурухана салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері - Адешова Халбүбі Жексенбіқызымен кездесу өткізілді. Мектеп-гимназиямыздың директоры Мадина Болатқызы «Қызды тәрбиелегенің – бір ұрпақты тәрбиелегенің» деген халқымыздың дана сөзін және бұл сөздің астарында үлкен мәселе жатқандығы, өйткені қыз - болашақ ұрпақтың анасы екендігін, ұрпағымыздың бойына ұлттық тәрбиені, имандылық қасиеттерді сіңірсек, халқының әдеп-салтын жақсы білетін, ата-анасын сыйлайтын, ел үшін еңбек ететін қыз тәрбиелеген болатындығы туралы айтып, іс-шараны ашып берді. Мектеп психологы Е.Олжабаева "Жасырын хат", "Айна", ""Мен қандаймын?" тренингтерін жүргізсе, Халбүбі Жексембіқызы қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүретіндігі, көптеген отбасында ашық әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалатындығы - дұрыс еместігін, ерте жүктіліктің ертіңі қандай болатындығы туралы презентация көрсетіп, түсіндірді.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнур Кумисбекқызы жеке гигиена, қыздар тәрбиесі
қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі - келешек аналар қолында , қыз баланың тәрбиесіне де байланысты екендігін айтып қорытындылады. Іс-шара соңында қыздар көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алып, еркін, ашық әңгіме, кеңес жүргізілді.
қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі - келешек аналар қолында , қыз баланың тәрбиесіне де байланысты екендігін айтып қорытындылады. Іс-шара соңында қыздар көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алып, еркін, ашық әңгіме, кеңес жүргізілді.