05
декабрь
2020
Ерте жүктіліктің салдары
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 4 желтоқсан күні №1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер арасында ерте жүктілік пен суицидтің алдын алу бойынша ата- аналар мен 8-11 сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Метеркулова Сауле Абдибаевна сөз алып, кездесудің мақсатымен таныстырды. Өз сөзінде ерте жастағы некемен ерте жүктіліктің қауіптері туралы айтып, ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ерте жүктіліктің салдары, физиологиялық тұрғыдан жас ағзаның оған әлі дайын еместігі, әлеуметтік тұрғыдан қыз балаларды күтіп тұрған қиындықтар жайлы айтты. Меркі АПБ ЖПҚБ ЮПТ аға инспекторы полиция майоры Б.Б. Дауренбеков пен мектеп инспекторы Т.Муратбеков Қазақстан Республикасының ҚК заңының 122 бабымен таныстырып, ата аналардың жауапкершілігі туралы айтып өтті. Сондай-ақ, ата аналар мен оқушы қыздарға жыныстық және репродуктивті денсаулық жайлы ақпараттар берсе, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Айтбаева кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында ерте жүктілік зардабы туралы бейнеролик көрсетсе, мектептің әлеуметтік педагогтары А.Ойшиева, А.Досалы "Жылы жүрек" тренингін жүргізіп, мектеп психологтары Э.Олжабай, А.Құрман психологиялық көмек түрлерімен таныстырды.