13
октябрь
2023
«Аутодеструктивті мінез-құлықты оқушыларды анықтау және «тәуекел»топқа жататын жасөспірімдерді ортаға бейімдеу жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері»
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының
педагогикалық ұжымға арналған «Аутодеструктивті мінез-құлықты оқушыларды анықтау және «тәуекел»топқа жататын жасөспірімдерді ортаға бейімдеу жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері» семинар өткізілді. Іс-шара барысында мектептің психологы Е.Олжабай Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2022-2023 оқу жылында жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу жолдарын көрсету. Осы бағыттағы жұмыс түрлерін жүйелеу, өзара тәжірибемен бөлісу мақсатында диагностикалау, түзету және алдын алу жұмыс түрлерімен таныстырды, жасөспірімдердің өмірге деген құштарлығын, қызығушылығын арттыру, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге, өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйретуге арналған әдіс тәсілдерін көрсетті.