"Түсіністікке үйренеміз, мен сені түсінуге тырысамын…» , «Жанұяда зорлық-зомбылық болмасын»тақырыбында ата-аналармен жүргізілген тренинг
2023 жылдың 15 қараша күні білім алушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған айлық барысында бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету мақсатында «Түсіністікке үйренеміз, мен сені түсінуге тырысамын…», қазіргі кездегі балалар және үлкендердің де отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасындағы зорлық зомбылыққа жол бермеу, халықтың арасында құқықты түсіндіру мақсатында "Жанұяда зорлық-зомбылық болмасын" тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Тренинг барысында «Жанұя бақыты» , «Бақытты жанұя» моделін құру, «Диаграмма құрастыру», «Тілек шамы» жаттығуы жүргізілді . Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.