21
ноябрь
2023
"Мен және біз"
2023 жылдың қараша айының 21 күні қараша айында оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған айлық барысында мектеп психологтары мен дене шынықтыру пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен қатысушылардың психологиялық денсаулықтарын сақтау, психоэмоционалдық жағдайларын өзгерте алу дағдыларын қалыптастыру, өмірге құштарлығын арттыру, өмір туралы ойларын білу, мақсаткерлік, кешірімділік туралы ойларын жетілдіру мақсатында 5-7 сынып білім алушылары мен ата-аналарымен "Мен және біз" тақырыбында спорттық жарыс өткізілді. Іс-шара барысында "Допты алып жүру", "Ракеткамен шарик алып жүру", "Мозайка жинау", "Асық ату", "Қол күрес" ойындары жүргізілді. Бас жүлде иегерлері "Димаш" тобы, 1-орын "Қыран" тобы, 2- орын "Бәйтерек"тобы, 2- орын "Шабыт" тобы, 3- орын "Көк ту", 3- орын "Зерек" тобы.