29
декабрь
2021
"Оқыған кітаптар ізімен"
"Оқуға құштар мектеп" және "100 кітап" жобалары аясында білім алушыларға білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, кітап оқуға құмарлығын арттыру, рухани және интеллектуалды дамуына кітап оқу арқылы қызығушылығын арттыру, кітап оқуды насихаттау сөздік қорын, өй өрісінің дамуын, рухани байлығын, ойын арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында "Оқыған кітаптар ізімен" тақырыбында 8,9,10 сынып білім алушылары арасында топтық байқау өткізілді. Жалпы топтық байқау 5 кезеңнен тұрды: Таныстыру, "Буктрейлер шеруі", "Түртіп алып оқу", "Шығармалар сөйлейді", "Екі жақты күнделік.1 кезең таныстырудан соң 2 кезеңде " 8 "А" сыныбы "Алғырлар" тобы Б.Момышұлының "Ұшқан ұя", 9 "А" сыныбы "Білімпаздар" тобы А.Байтұрсыновтың "Маса" , 10 "А" сыныбы "Қырандар" тобы С.Мұратбековтың "Жабайы алма" шығармаларынан буктрейлер ұсынып, 3 кезеңде аталған шығармалар бойынша түртіп алып оқу "INSERT" әдісі арқылы өз ойларын қағаз бетіне түсірсе, шығармалар бойынша постер қорғап, соңғы "Екі жақты күнделік" кезеңінде шығармалардан үзінді жазып, өмірде пайдалануға болатынын туралы дәлелдеді. Әрбір кезеңде барлық топтар белсенділік танытып, өздерінің білімдерін дәлелдеп, ойынның қызу өтуіне атсалысты. Нәтижесінде: 1 орын - 8 "А" сыныбы "Алғырлар" тобы, 2 орын -10 "А" сыныбы "Қырандар" тобы, 3 орын - 9 "А" сыныбы "Білімпаздар" тобы иеленіп, дипломмен марапатталды
Теги:
12345