27
ноябрь
2023
«Балалар мен жасөспірімдері интернет-кеңістікте деструктивті қауымдастықтарға тартылуының алдын алу»
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 27 қараша күні Жамбыл облысы Дін проблемаларын зертеу орталығының Меркі ауданы бойынша инспекторы Толганбай Ғалымжан Бейбітұлы 7-11 сынып білім алушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Білім алушыларға экстремистік контентті анықтау, бұғаттау және жою мақсатындағы интернет мониторингін жүргізудің қағидаттары түсіндірілді. Білім алушылар діни тақырыптағы қандай материалдар заңға қайшы деп есептелетіні, жұмыс істеу және тағы басқа мәселелер туралы сұрақтарына жауап ала алды. Еліміздің заңнамасына сәйкес республика аумағында діни алауыздықты қоздыруға, экстремизм мен терроризмді насихаттауға және ақтауға бағытталған ақпараттық материалдарды таратуға тыйым салынатындығы туралы айтып өтті.