23
февраль
2021
"Дін, қоғам және жастар"
Жастар арасында толерантты мінез-құлықты қалыптастыру, мәдениет пен дінді құрметтеу, қазақстандық қоғамның полиэтникалық құрамының қалыптасу тарихы, қазіргі Қазақстанның дамуындағы дін саласындағы саясаты, діни экстремизм мен терроризмнің қатерін түсіндіру мақсатында "Дін, қоғам және жастар" тақырыбында №1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігі "Дін проблемаларын зерттеу орталығы" КММ-нің инспекторы Сарсенов Ербол, Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы - Мамбетов Ақтөре Сағыналыұлы оқушыларға дін саласындағы заңдылықтарды түсіндіріп, деструктивті діни ағымдар, олардың қоғамға кері әсері туралы, олардың интернет желісі арқылы жүргізетін манипуляциялық амалдарынан сақтанудың жолдары туралы кеңес берді