"ББМЖ - ге" психологиялық дайындық
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында
9 сынып оқушыларымен жүргізілген
«ББМЖ-ге психологиялық дайындық»
тақырыбында аффирмация жүргізілді
Мақсаты: емтиханға дайындалудың тиімді әдістерімен таныстыру, танымдық қабілеттерді дамыту.
2023 – 2024 оқу жылы 14 желтоқсан күні 9 сынып оқушыларымен тренинг жүргізілді. Мектеп психологы Е.Олжабай сыныпқа кіріп оқушылармен сәлемдесіп, көңіл-күйлерін сұрап тренингті бастады. Сәлемдесу барысында оқушылар өткен аптады өздерінде болған жақсы оқиғаларды естеріне түсіріп айтып берді.
Оқушылармен «Радиодан айтқан» жаттығуы жүргізілді. Оқушылар шеңберге тұрып, жүргізушінің айтқанын орындады. Жаттығу оқушыларға өте қатты ұнады. Жаттығудан кейін оқушылардан тест алынды. Алынған тесттің қорытындысы сабақ соңында айтылды. «Комплимент» жаттығуы, «Мұздық» жаттығуы,
«Қар жұмыршағы» жаттығулары жүргізілді.
Алынған тесттің қорытындысы оқылған соң оқушыларға «ББМЖ –ге психологиялық тұрғыда қалай дайындалу керек?» тақырыбында шағын дәріс оқылды. Оқушылар дәрісті мұқият тыңдап, өздеріне қажетті материалдарды стүртіп отырды. Оқушылар тренинг соңында өздерінің сұрақтарын қойып, сұрақтарына жауаптарын ала отырды.