15
декабрь
2023
"Медитация", "Арт - терапия"
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 9-11 сынып қыздарымен «Медитация», «Арт-терапия» түзету – дамыту жұмысы
Мақсаты: тұлғаның шығармашылық мүмкіндігін, энергиясын қалпына келтіру, жүйкелік-психикалық стрессті эксперс диагностикалау, психикалық диагностикалау, психологиялық кеңестер беру, жаттығулар жасау.
2023 жылдың желтоқсан айының 15 күні 9-11 сынып қыздарымен тұлғаның шығармашылық мүмкіндігін, энергиясын қалпына келтіру, жүйкелік-психикалық стрессті эксперс диагностикалау, психикалық диагностикалау, психологиялық кеңестер беру, жаттығулар жасау мақсатында «Медитация», «Арт терапия» өткізілді. Медитацияны үйде, тыныш жерде жасау керек. Сізді ешкім, ештеңе алаңдатпағаны жөн. Медитацияны ұйықтайтын бөлмеде жасамауға кеңес береміз. Себебі миыңыз ұйықтайтын бөлмеде демалып, босаңсығаныңызды "түсінгенде" ұйықтау керек деп ойлап, қалыпты қызметіне кіріседі. Егер басқа бөлмеде медитация жасауға мүмкіндік болмаса, әрине, өз бөлмеңізді таңдауға мәжбүр боласыз. Күн жылы болса, жақын маңдағы ірі саябаққа барып, ешкім жүрмейтін жерде отыруға болады. Алайда, ең алдымен, ол жердің қауіпсіз екендігіне көз жеткізіңіз. «Лотос» қалпында (суреттегідей) отыру міндетті емес. Ең бастысы, арқаңыз тік болуы керек. Отырысыңыз өзіңізге ыңғайлы болғаны дұрыс. Арқаңыз тік болса, дұрыс дем алып, дем шығарасыз. «Арт – терапия» : адамның өзіне берер бағасын көтеруге, күйзеліс деңгейін төмендетуге немесе созылмалы күйзелістен айығуға, депрессия, мазасыздық сезімінен арылуға, отбасы ішіндегі, бала мен ата-ана арасындағы кикілжіңді шешуге көмектеседі, әңгімелесу, тіл табысу дағдыларын жақсартады, адам өзін, шын қалауын, қажеттіліктері мен мақсатын жақсырақ түсінеді