"Өмір қымбат сый"
2024-2025 оқу жылында республикалық "ДОСБОЛLIKE" ақиясы аясында мектеп психологы Е.Олжабай білім алушылардың бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту, жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жирету, балалардың ойын ашу, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру мақсатында «Өмір – қымбат сый» тақырыбында 10- сынып білім алушыларымен тренинг өткізді. Оқушыларға тренинг ережесі таныстырылып, сергіту сәті өткізілді. Сергіту сәтінен кейін «Ойлануға арналған балықтар» жаттығуы жүргізілді. Бұл жаттығу сұрақ жауап ретінде өткізілді. Келесі кезекте «Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы жүргізілді. Мұнда оқушыларға сөйлемдер берілді. Берілген сөйлемдерді өз сөздерімен аяқтау табысталды. Оқушылар үшін бұл жаттығу өте қызықты өтті. Балаларға ағаштың жапырағы,діңгегі, тамыры біреуін таңдаулары тапсырылып, «Егер сен ағаш болсаң» жаттығуы жүргізілді. Таңдаған нұсқаларына байланысты түсіндіріліп, талқыланды. Оқушылар үшін «Менің мақсатым» жаттығуы өткізіліп, әрбірі бір – бір үйдің гүлі екендері, сондықтан өз мақсаттарын берілген гүлдерге жазып осы ағашқа ілулері керек екенідігі айтылды. Жаттығу балалар үшін өте қызықты болды, себебі әр оқушының арманы өзіне деген сенімділігін білдірді. Тренингті қорытындылау мақсатында психолог «Өзіндік бағалау маршы» жаттығуын жүргізіп, балаларға психологиялық кеңес беріп, сәттілік тілеп, тренингті аяқтады.