18
ноябрь
2024
"Бәрі өз қолымда" тренинг
2024-2025 оқу жылында қараша айының 18 күні оқушылардың өмірде өзіне сенімді болуға, өзін табуға, алдына мақсат қоя білуіне не үшін, не істеп жүргеніне жауап бере алуға үйрету мақсатында "Бәрі өз қолымда" атты тренинг өтті. Ұйымдастыру кезенінде тренингтің ашылуын "Сәлем сөздің атасы" атты жаттығумен бастады. Әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін айтты. Мысалы: ақылды Айбану, жігерлі Жанболат. Келесі орындалған тренинг "Сіздің көніл- күйіңіз қандай? " деп аталады. Оқушылар өзіне ұнаған түрлі- түсті фигуралардың біреуін тандап, түс арқылы өздерінің көңіл- күйін білдірді. "Ойланайық, пікірлесейік" тренингте білім алушылар өмір жайлы мәнерлеп өлең оқып, сұрақтар арқылы бір- бірімен пікір алмасты. Бұл тренингте оқушылар адамгершілік қарапайым қағидалардың түрлерін білді: ол үлкендерді құрметтеу, сыйлау, Отанын қорғау, дінін сатпау дегендей. Тренинг "Маржан сөздер сыр шертеді" атты нақыл сөздермен аяқталды. 9-10 сынып білім алушыларымен «Бәрі өз қолыңда» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг барысында «Танысу» жаттығуы, «Сағат тілі» жаттығуы, «Өмір тамаша" караоке айтты.