"Сенімділік күш береді"
Асанбай Асқаров атындағы орта білім беретін мектеп – гимназиясы ресурстық орталығында білім алушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған көктемгі айлық барысында «Сенімділік күш береді» тақырыбында өткізілген тренинг хаттамасы
Мерзімі:
Қатысқандар саны:
Мақсаты: өзіне деген сенімділігін арттыру, ішкі қорқыныштарды жеңу, шешім қабылдауда батылдық таныту қабілеттерін дамыту.
2025 жылдың 18 сәуір күні білім алушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған көктемгі айлық барысында оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру, ішкі қорқыныштарды жеңу, шешім қабылдауда батылдық таныту қабілеттерін дамыту мақсатында «Сенімділік күш береді» тақырыбында 9-11 сынып білім алушыларымен тренинг жүргізілді. Жұмыс барысында «Сенімділік деген не?», «Сенімділік пен өзін-өзі бағалаудың байланысы», «Сенімсіздіктің себептері мен салдары», «Нейропсихология тұрғысынан сенімділіктің негіздері» тақырыптары туралы түсініктер берілді. Айна жаттығуы – өзін-өзі көзбен қабылдау. Ішкі сыншыны тану – ішкі диалогтарды жазу және қайта құру. "Сенімді Мен" визуализациясы – көзді жұмып, өзіңді батыл күйде елестету. "Батыл қадам" ойыны жүргізілді.