11
февраль
2026
"Дос болайық, ренжіспейік" тақырыбында тренинг
А.Асқаров атындағы ЖОББТМГ (р/о) оқушыларға достықтың маңыздылығын түсіндіру, бір-бірін ренжітпеуге, кешірімді болуға тәрбиелеу, достық қарым-қатынас орнатуға, ынтымақтастыққа үйрету мақсатында мектеп психологтары А.Толганбаева мен Е.Олжабай 2 сынып оқушыларымен "Дос болайық, ренжіспейік" тақырыбында тренинг өтті. Тренинг барысында «Дос деген кім?», «Жақсы – жаман іс», «Шардың сыры», «Тілек гүлі» т.б. ойын-жаттығулары жүргізілді.