№1 жалпы білім беретін мектеп- гимназиясында «Өмір қымбат сый» атты тақырыбына жүргізілген кеңес
№1 жалпы білім беретін мектеп- гимназиясында «Өмір қымбат сый» атты тақырыбына жүргізілген кеңес беруге
анықтама
Денсаулық сақтау мамандарымен және 8-сынып оқушылармен, ZOOM платформасымен кездесу ұйымдастырылды. Оған мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, мектеп психологтары, мед бикелер қатысты.Кездесуде өмір — ол үлкен жол. Өмір адамға бір – ақ рет берілген үлкен сый екендігі туралы кеңес берілді. Өмірдің мәні адалдық, адамдықта, өмір арнасы кең өзен , сол өзеннен өз арнамызды тауып ағу біздің басты мақсатымыз екендігі, ал өз мақсатымызға жету оңай емес , ол үшін қандай да бір қиындықтарға, кедергілерге кездесуіміз мүмкін екендігі, енді біреулерге қиындықтар кездеспеуі де мүмкін екендігі, сондай кездерде біреулерге қызғаншақтық, көре алмаушылық танытпай, өз мақсатымыз үшін күресе білуіміз керек екендігі туралы түсіндірілді. Өзіміздің күшті жақтарымызды көрсетіп , әлсіздік , шарасыздық танытпауымыз керектігі, біз өз өміріміз үшін өмір сүруге тиіс екендігі жайлы мәліметтер айтылды.