№1 жалпы білім беретін мектеп- гимназиясында оқушылармен жүргізілген «Бала құқығы—адам құқығы» атты айлық барысында 20.11.2020 күні 8-9 сынып оқушыларына «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» онлайн кеңес беру
№1 жалпы білім беретін мектеп- гимназиясында оқушылармен жүргізілген «Бала құқығы—адам құқығы» атты айлық барысында 20.11.2020 күні 8-9 сынып оқушыларына «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» онлайн кеңес беру
2020 жылдың 20 қараша күні 8-9 сынып оқушылары арасында оқушыларды салауатты өмір сүруге көз қарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өміріңде пайдалана біліуге тәрбиелеу мақсатында онлайын кеңес беру (whatsApp) интернет желісі арқылы өтті. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек , ел болып,халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, СПИД, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір сүру салтын насихаттайық. Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі.
Оқушыларға сұрақтар қойылып, кері байланыс жасалынды.
1.Салауатты өмір салты дегеніміз не?
2.Салауатты өмір салтын ұстанасың ба?
Оқушылардың жауаптарын тыңдай отыра мынандай кеңестер берілді: Салауатты өмір салты – биоәлеуметтік категория. Салауатты өмір сүру салтының жоғары немесе төмен деңгейде болуы әлеуметтік – экономикалық жағдайларға байланысты болады. Салауатты өмір сүру салтының 3 категориясы: салауатты өмір сүру деңгейі ; салауатты өмір сүрудің сапасы; салауатты өмір сүрудің стильі;
ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН АНЫҚТАЙТЫН ФАКТОРЛАР: шынайы жалақы көлемі, бір күнгі жұмыс уақытының ұзақтығы, еңбек шарттары , интенсивтілік дәрежесі, мамандық зияндылықтардың бар –жоқтығы, тамақтану сипаты мен деңгейі, тұрғын үй жағдайы , өмір сүру салты, елдің санитарлық және денсаулық сақтау жағдайының деңгейі.
Салауатты өмір сүру үшін : Көп ұйықтамаңыз, ұзақ жасаған адамдардың дені ұйқыдан ерте тұрған, тамақты көп жемеңіз,семіздік өмірді қысқартады, болашаққа сеніммен қараңыз, көп қимылдаңыз, әсіресе зейнетке шыққаннан кейін, темекі тартпаңыз, темекіден барынша аулақ болған жөн, көңіл-күйіңізді сергіту үшін қара жұмыспен айналысыңыз, қою кофе мен қою шайды көп ішпеңіз, шаршағаныңызды басу үшін жарты сағаттық ванна қабылдаңыз, міндетті түрде хоббиіңіз болсын, сусынды көп ішіңіз, әсіресе суды, дәрі-дәрмектерді мейлінше шектеңіз, болмашы нәрселерді уайымдай бермеңіз кеңестер берілді. Сондықтан зиянды әдеттерден аулақ болып,салауатты өмір сүрейік демекшіміз деп, қатысушыларға рахмет айта отырып, онлайн кеңес берілді.