13
октябрь
2021
Халықаралық қыздар күні апталығының жабылуы
№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында Халықаралық қыздар күніне арналған республикалық апталықтың жабылуы болып өтті. Өткізілген іс-шараларға сараптама жасалып, мектеп психологы Э.Олжабаева ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық туралы түсінік қалыптастыру, оқушылардың өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту, оқушыларды инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу мақсатында "Ұл балалармен қарым- қатынас жасаудағы кеңестер" тақырыбында қыз балаларға кеңестер беріп, "Күн шуағы" тренингін өткізді. Апталық аясында өткізілген іс-шаралар қыз баланы ұқыптылыққа, тазалыққа, үлкенді және достарын сыйлауға, мектепте өзін — өзі ұстауға, мәдениеттілікке тәрбиелейді.Сонымен қатар, мектеп өмірінде өнегелі істер мен сыпайылық қарым — қатынасқа тәрбиеленген қыздар, болашақта да ертең еңбек еткенде де жақсы жақтарымен көпшілік құрметіне бөленері сөзсіз.