№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында «Бойжеткен мен бозбала» тақырыбында 9-11 сынып қыздарымен жүргізілген пікір-сайысқа АНЫҚТАМА
№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында «Бойжеткен мен бозбала» тақырыбында 9-11 сынып қыздарымен жүргізілген пікір-сайысқа
АНЫҚТАМА
Мерзімі:
Қатысқан қыздар саны:
Мақсаты: оқушыларға адамгершілік норма мен жыныстық қарым-қатынасы және жыныстық қажеттілік саласындағы нұсқаулардың мәнін дұрыс түсіндіріп, оларды жан-жақты іс-әрекетте басшылыққа ала білуге баулу. Қасиеттері мен айырмашылықтарын көрсетіп, одан әрі дамыту мақсатында жоғарғы сынып қыздарымен пікір-сайыс жүргізілді. Пікір-сайыс барысында қыздарға қыздар мен ұлдардың, бойжеткен мен бозбаланың, әйел мен еркектің психологиялық ерекшеліктері туралы айтылды. Сонымен қатар, қыздарға ұлдар мен қыздардың белсенділігі, бірақ қыздар біршама тындырымды болатындығы, сондықтан мектептің қоғам жұмысына араласатын ұлдар мен қыздардың ара-қатынасын салыстыра келіп, қыздар қоғамдық жұмыстарға көп араласатындығы айтылды. Басқа жыныс өкіліне тән ерекшеліктерді білуден, соларға ұмытылып, ескере, қадірлей білу нәтижесінде бірлесе атқарған іс-әрекеттен көңілдегідей еңбек етуге мүмкіндік туады. Жеке қарым-қатынастарда адамгершілік нормаларын сақтау жалпы қоғамның жоғары адамгершілік сапасын айқындайтындығы да пікір-сайыс барысында айтылды. Пікір-сайыс барысында қыздарға бірнеше сұрақтар қойылып, сұрақтарға жауаптар алынды, қыздарға шешуге арналған жағдаяттар берілді. Қыздар өз ойларымен жағдаяттарды шешіп берді. Пікір-сайыс өз деңгейінде жақсы өткізілді.
Мектеп психологтары: Е.Олжабай
А.Құрман