Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу тексеру қорытындысы
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның (бракераждық) тексеру қорытындысы
2022 жылдың 28 қаңтар күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның асхана, ас блогының санитарлық-гигиеналық, қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптардың орындалуы, мектеп асханасында азық-түліктерді уақытылы пайдалану , олардың сақталу мерзімі, перстпективалық мәзірдің және күн сайынғы мәзірдің дайындалған астардың сәйкестігін тексеру, оқушылардың қол жуатын орындары, астарды тоңазытқыштарда, қоймаларда, сақтау, ас әзірлейтін блоктың санитарлық жай-күйі , келіп түскен тамақ өнімдерінің сапасын, дайын тағамның сапасын бақылау мақсатында кезекті тексеру жүргізді. Тексеру барысында қол жуғыш құралдарында сабын, гигиеналық заттар түгел болып шықты. Технологиялық құралдары түгел, бірақ та электроқуатты пеш жұмысы баяу қызатындығы байқалды, механикалық желдету жұмыс жасап тұр, жерге тұйықталған, дегенмен резеңке кілемшелер болмай шықты. Ас блогында жұмыс үстелі жеткілікті. Сондай-ақ, пышақтар, тақтайшалар толық таңбаланбаған, шикі және даяр азық-түліктерге, нан өнімдері мен көкөністерге арналған орындар 1 пайыз уксус ерітіндісімен өңделеді. Нан сақтауға арналған сөрелерді өңдеуге арналған 1% сірке суы ерітіндісі бар, бірақ нан үгіндісін жинауға арналған ыдыс пен щетка болмады. Ыдыс жуу тәртібі орындалып, ережесі сақталады. Ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайы қанағаттанарлық.
Дегенмен төмендегідей кемшіліктер анықталды:
- Ас блогында тазалау кестесі болмады;
- Нан үгіндісін жинауға арналған таңбаланған ыдыс пен щетка болмады;
- Сатылатын буфет өнімдерінің жазуы ескірген, жаңалауды қажет етеді
- Ас блогында су бұру жүйелерінің бірі істемейді
- Көкөніс, бакалея өнімдерін сақтайтын қоймада термометр болмады
Ұсыныс:
1. Нан үгіндісін жинауға арналған таңбаланған ыдыс пен щетканың болуы аспазшыға міндеттелсін.
2. Ас блогында тазалау кестесі, сатылатын буфет өнімдерінің жазуын жаңалауды медбике Ж.Атиковаға жүктелсін.
3. Ас блогындағы су бұру бұрғыштарын ауыстыруДШІЖО Е.Ермекбаевқа міндеттелсін.
4. Анықталған кемшіліктерді жоюға 5 жұмыс күнін ұсынылсын.



