04
март
2022
сейсмологиялық жаттығу
Төтенше жағдайлар орын алған кезде адам шығынын болдырмау, дұрыс әрекет жасау керектігін үйрету мақсатында №1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында сейсмологиялық жаттығу іс-шаралары өткізілді. Ең алдымен құтқару қызметінің мектеп ғимаратында хабарландыру жүйесі іске қосылып, 🔉🔊🔊«Баршаның назарына, төтенше жағдайға байланысты сыртқа шығуларыңызды өтінеміз!!!»🔉🔊🔊 дабылы жеткізілді. Барлық оқушылар, қызметкерлер шұғыл түрде қауіпсіз аймаққа (мектептің спорт алаңына) шықты. Мектеп директоры Мадина Болатқызы, төтенше жағдайлардың орны толмас шығындарға әкелуі мүмкін екенін,жер сілкінісі, өрт оқиғасы, террористік актілер орын алған жағдайда ғимараттардың құлауынан шығу жолдарының жабылуы, баспалдақтың қирауы болуы мүмкіндігі айтылды. Оқыс оқиғалар орын алған жағдайда, маңызды болып табылатын алғашқы іс-әрекетті қалай жасау керектігі, жолдары түсіндірілді
Теги:
123