19
май
2021
Төтенше жағдайлардың алдын алу сейсможаттығу
Төтенше жағдайлар орын алған кезде адам шығынын болдырмау, дұрыс әрекет жасау керектігін үйрету мақсатында №1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында аудандық білім бөлімі мен Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді. Іс-шараға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, газ шаруашылығының, аудандық ішкі істер бөлімінің, аудандық электр желісінің, санитарлық эпидемиологиялық басқармасының, аудандық аурухананың жедел жәрдем қызметінің және т. б. мекемелердің шұғыл әрекет ету топтары қызметкерлері қатысып, төтенше жағдайлар желісі бойынша шұғыл әрекет ету іс-қимылдарын жаттығу жүзінде орындады. Мектептің екінші қабатындағы акт залынан өрт шыққаннан кейінгі іс-әрекет, құтқару, алғашқы көмек жаттығулары жүргізілді. Өрт дабылы белгі берген соң мекеме ішіндегілер бірден сыртқа ағылды. Құтқару жаттығулары барысында 9 шығу есіктерінен 300-ден аса адам 3 минут ішінде мектеп сыртындағы аумаққа эвакуацияланды.