05
март
2022
"Ал, қанекей, қыздар!" атты топтық жарыс
"8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне орай, оқушы қыздардың білімін шыңдау, шығармашылық жұмысқа баулу, рухани дамуына əсер ету мақсатында мектебімізде 5-7 сынып қыздары арасында "Ал, қанекей, қыздар!" атты топтық жарыс болып өтті. "Қызғалдақ", "Сандуғаш", "Жауқазын", "Гүлдер" топтарының қыздармен сахна төрі қызыл, сары гүлдермен көмкеріліп кеткендей әсерге бөлендік. 1 бөлім шарты бойынша қыздар алдымен өздерін таныстырса, «Мақал - сөздің мәйегі» - бөлімінде мақалдың бірінші жолы айтылды, келесі жолын сайыскерлер табу арқылы жауап берді,«Ою ойғанның ойы ұшқыр» бөлімінде қағаздан ою ойып, инені сабақтап түйіндеп, түйме қадап, 1 мин ішінде жіпке моншақ өткізіп үй шаруасына бейімділігі сын таразысына салынды. Қазақ халқының салт-дәстүрінен және мақал-мәтелдерінен сұрақтарға жауап беруі қыздардың ұлттық дәстүрге деген құрметін аңғартты. Қазақтың ұлттық нақыштағы дәстүріне жетік нәзік жандылардың парасатты пайымы «Ұлықты ұл өсірсең – ұрпағыңды, қылықты қыз өсірсең – ұлтыңды сақтайсың» деген бабалар сөзінің құндылығын еске салғандай! Мектеп-гимназиямыздың директоры Мадина Болатқызы мерекемен қатысушыларды және көрермендерді құттықтап, байқауға қатысушыларды дипломдармен марапаттады.
Теги:
123