27
октябрь
2022
🍖🍩🍩🥙«Қазақтың ұлттық тағамдары»
🍖🍩🍩🥙«Қазақтың ұлттық тағамдары»
🍩🍩🍩🥞🥞"Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясында тәрбие жоспарының "ұлттық тәрбие" бағыты бойынша мектеп-гимназиямыздың білім алушыларын қазіргі заманда ұмыт болып бара жатқан қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшеліктерін, маңызын білуге, дұрыс тамақтануды насихаттау, қонақжайлылыққа тәрбиелеу мақсатында 2,3,4 сынып білім алушылары арасында «Қазақтың ұлттық тағамдары» байқауы болып өтті. Байқау шарты бойынша «Өрметөс», «Үлпершек», «Қарын бүрме»,
«Бұжы, әсіп», «Қазақша ет», «Қуырдақ», «Балқаймақ»,«Өкпесүт», «Жөргем»,«Құйрық-бауыр»,«Ежігей»
«Жент» тағамдарының жасалуы, тарихы, қандай мақсатта жасалатыны және құнарлығы туралы айтуы тиіс болатын. Байқау нәтижесінде қазақтың асханасы сан қырлы және ол бірегейлігімен таңдай қақтыратынын, қазіргі күнде қазақтың 200-ге тарта тағамының әзірлену құпияларымен, ет, сүт тағамдары, ұн өнімдері мен сусындарды әзірлеу және олардың биологиялық құндылығының технологиясы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Мектеп-гимназиямыздың директоры Мадина Болатқызы байқаудың маңыздылығын айтып, сыныптан тыс іс-шаралар, балаларды ізденімпаздылыққа, көпшілік алдында сөз сөйлеуге, сахна мәдениетіне, білімділікке жетелейтініне тоқталып, үздік танылған қатысушылар дипломмен марапаттады
Жауапты кітапханашы М Кожайбаева