11
март
2019
«Алғыс айту күні»
№1 ЖББМ-те «1 наурыз – Алғыс айту күні» мерекесіне орай мерекелік іс-шаралар болып өтті.
Мереке алғаш рет Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған болатын.«Бұл күн қайырымдылықтың, достықтың және барша қазақстандықтардың бір-біріне деген сүйіспеншілігінің жарқын мерекесі бола алады», - деп Ұлт көшбасшысы оны жыл сайын 1 наурызда атап өтуді ұсынған еді.
«Алғыс айту күні - тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің қазақ халқына ризашылығын білдіру арқылы бір-бірімізге деген құрметіміз бен сыйластығымызды арттыратын күн. Сонымен бірге, көктемнің алғашқы күні – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Төрағалық жасайтын еліміздегі қоғамдық маңызы аса жоғары екі саланың, дәлірек айтсақ, «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні. Қай кезде де жабырқағанның жанына жалау болып, мұңайғанның маңдайынан сипап, қиналғанды құшағына қысқан қазақ халқы - әлемдегі ең бауырмал халық екенін өзіміз ғана емес, өзге де мойындай бастағаны ақиқат. Бүгінгі тарих тоғыстырған, тағдыр табыстырған барша ұлт пен ұлыстың берік бірлігі мен тату тірлігі Қазақстанның басты жетістігі, сондықтан бұл күні «Алғыс айтамын» жеделхаттар бұрышы ұйымдастырылып, онда оқушылар өз алғыстарын жеткізе білді. «Қолөнер – тәрбие көзі» деген атпен бірнеше ұлт өкілдерінің қолөнер бұйымдары көрмеге қойылды. «Ұстазыма алғыс» сурет байқауы өткізілді. 9 сынып жетекшісі И.Аыстанбекова «День благодарности» тақырыбында дөңгелек үстел және барлық мектеп оқушылары қатысқан флешмоб биленді. Мектеп психологтары құм-терапиясы арқылы психологиялық қарым-қатынас сағаттарын жүргізді.Сондай-ақ, мектебіміздің мәжіліс залында көркемдік жетекші Ж.Абенова «Мейірімді жүрек – жылы тілек» қайырымдылық концерттік бағдарламаға ұласты