11
март
2019
«8 наурыз – халықаралық әйелдер күні»
Әлемдегі ең асыл жан ол-ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Көңілге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз-халықаралық әйелдер күні келді. Осы мереке қарсаңында №1 ЖББМ бірнеше іс-шаралар болып өтті. Атап айтсақ, 6 наурыз күні таңертең ұстаз –аналарды, оқушы-қыздарды, аналарды «Қыздар, қыздар, сұлу қыздар» әсем әнімен, жігіттердің күтіп алуымен басталды. Кітапханашылар Ф.Умбеталиева, С.Мауленкулова «Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеден әлемнің, қазақтың ғазиз Аналары туралы кітаптар, бүктемелер, жинақтар т.б.қойылды. « Айналайын анашым» плакаттар байқауы тәлімгер А.Сейдуахасова өткізді. «Әлемді тербеткен Ана» тәрбие сағаттары өткізілді. 7 наурыз күні мерекелік концерт ерекше өткізілді. Мектеп ұжымы көпбалалы аналарды шақырып, құрметтеп, сый тартты және концертте аналарымызға арнап, тамылжыта ән салып, керемет билер биленіп, күлкілі көріністер қойып, кішкентай бүлдіршіндердің тақпақтары сылдырап айтып, көрермен қошеметіне бөленді