18
март
2019
«Қыз құпиясы»
№1 жалпы білім беретін мектебінде жыныстық тиіспеушілік, ерте жүктіліктің алдын-алу мақсатында 9 сынып қыздары арасында 2019 жылдың 15 наурыз күні «Қыз құпиясы» атты сырласу сағаты жүргізілді. 9 «Б» сыныбының сынып жетекшісі Ж.Искакова бейне таныстырылым көрсетіп, жиналыста қыз бала қандай болу керек, жалпы мектепішілік тәртіп, инабаттылық, кішіпейілділік, қоғамдағы, отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыптар туралы тоқталып өтті. Бала өмірге келген соң, періште, пәк жасына дейін ата-анасының мейіріміне бөленіп өседі. Қыздың бой жетуіне, ұлдың азамат болуына көңіл бөлінеді. Табиғаттарына тән кәсіпті, мамандықты үйренуіне, игеруіне көмектеседі, өмірдің қиындығын білуге баулиды. Қыздың жанұя құруына, ұлдың ата-анасына, іні-қарындасына, туыстарына, еліне,, халқына қамқоршы болуға баулып, тәрбиелейтіндігі,. түрлі отырыстарда, бас қосуларда сіңірген еңбегін, мінез-құлқын өнеге етіп отырғандығы,әңгіме, сөздерінің арасында жаманнан жирендіріп, жақсыға жақындатып отырғандығы, жыныстық қарым-қатынастың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.