26
март
2019
«Наурыз-Ұлыстың ұлы күні»
Наурыз - жыл басы ғана емес, береке-бірліктің, ізгілік пен татулықтың, бауырмалдықтың мерекесі. Ғасырлар тереңінен бізге келіп жеткен ұлық мереке болып саналатын Наурыз мейрамы №1 жалпы білім беретін «Наурыз – нұрлы жол басы» сурет көрмесінен басталды. Мектеп кітапханасында «Наурыз мерекесі –бейбітшілік пен игілік мейрамы»тақырыбында кітаптар көрмесі қойылды. Сондай-ақ, Ұлыстың ұлы күніне орай мектеп алаңында бастауыш сыныптар арасында көптеген ұлттық ойындар ойнатылды. «Қыз қуу», «Теңге ілу», «Сақина салмақ», «Шекемтас», «Білек сынасу» ойын түрлерін көрсетіп, балалар асық атып, тоғызқұмалақ ойнады.
Ұлттық құндылықты, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымызды, ұлттық өнерімізді дәріптеу мақсатында «Наурыз тойы басталды» атты салт-дәстүр кешінде 7 «Б» сыныбы «Баланы қырқыннан шығару», 6 сыныптар «Бесікке салу», 5 сыныптар «Тұсаукесер», 7 сыныптар «Құда қүту», 8 сыныптар «Сырға салу», 9 сыныптар «Қыз ұзату», 10 сыныптар «Беташар» қазақ халқының салт-дәстүрлерінен үзінді көрсетті.
Кеш соңы «Ақ әжелер» және «Ақ келіндер» ансамблінің концертімен ұласып, мерекелік дастархан жайылды, дастарханның басты асы – «Наурыз көже» болды. Қазақы дәстүр мен ұлттық салт сақталған шарада мәре-сәре күйге бөленді. Осылайша, Ұлыстың ұлы күні ерекше тойланды.