19
декабрь
2022
"Ұланымыз Ұлы елдің"
"Ұланымыз Ұлы елдің"
Оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру мақсатында Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Ұланымыз Ұлы Елдің!» атты Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті.
Жиынға мектеп-гимназиямыздың директоры Мадина Болатқызы, "Желтоқсан -86" қоғамдық бірлестігінің мүшелері, Меркі "Жастар" ресурстық орталығының мамандары
қатысып, ұйымға қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук тағып, жүрекжарды тілектерін жеткізді.
«Жас Ұлан» балалар ұйымына 2-ші және 5 сынып оқушыларынан 104 оқушы қабылданды.
Іс-шара аясында жас ұландықтар салтанатты түрде ант беріп, әнұранын орындады, 4"В" сынып білім алушысы Валихан Бибінур "Біз бақытты баламыз" патриоттық әнін шырқап, жас қырандықтар мерекелік құттықтау лебіздерін айтты.
Салтанатты шара соңында барлығы естелік фотоға түсіп, балалар ерекше көңіл -күймен тарады.
Тәуелсіз ел аясында бейбіт өмірдің құшағында бақытты балалық шағын кешіп жүрген жас достарымызды «Жас Ұлан» БмЖ ұйымына қабылдануларымен құттықтаймыз!