10
май
2019
Дүниежүзілік денсаулық күні
№1 ЖББМ Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №957 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының 2017 жылға арналған аудандық білім бөлімінің жылдық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылдың 5 сәуір күні ұранымен денсаулық күні ұйымдастырылып, іс-шаралар жоспары құрылды.
Оқушылардың, ұстаздардың өз денсаулығына назар аударту, оның маңыздылығын, құндылығын түсіндіру, денсаулығын сақтап қалу үшін не істеу қажет екендігін жеткізу мақсатында 5 сәуір күні сағат 10.00 де таңертеңгілік бой жазу жаттығулары жасалды.Дене шынықтыру пәні мұғалімдері мектебіміздің барлық оқушыларына жаттығулар көрсетіп, бірдей, бір мезетте жасады.
«Дүниежүзілік денсаулық күні» атты салтанатты жиынның ашылуы болып, жасөспірімдер арасында тиімді тамақтануды және денсаулық нығайту мақсатында дәрістер оқылып, «Дене белсенділігін насихаттау» тақырыбында ата-аналар жиналыстары өткізілді. ілім беру мекемелеріндегі жастар мен жасөспірімдердің ВИЧ инфекциясынан, нашақорлықтан, кездейсоқ жүктіліктен сақтану жолдарын түсіндіру мақсатында қыздар, ұлдар жиналысы, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
3-4 сынып оқушылары арасында «Өмірге арналған жақсы әдеттер» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылса, биология пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Сау болу –сәнді!» тақырыбында бейнероликтер көрсетілді. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері «Көңілді старт» атты эстафеталық ойындар ұйымдастырылып, өткізді. «Денсаулық күні» жалпы мектептің түгел ұжымы, оқушылармен бірге «Өмір қозғалыс!» ұранымен флешмоб биленіп аяқталды.