17
январь
2020
"Денсаулық - зор байлық"
Дені сау болып өсуі үшін дұрыс қоректену керектігін түсіндіру, адам денсаулығының қымбаттылығын түсіну, дәрумендер туралы білімдерін кеңейту, оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып, қосымша мәліметтер бере отырып, денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту,денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу мақсатында 4 «Б» сыныбында, сынып жетекшісі Ляззат Узбекова «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында ашық тәрбие сағаты болып өтті. Сынып түстер бойынша 3 топқа бөлінді. І-топ «Денсаулық,» ІІ-топ «Тазалық», ІІІ-топ «Ұқыптылық». «Сұрақ - жауап» бөлімінде топ мүшелері сұрақтарға жауап берді. Топтық жұмыс «Жарнама» бөлімінде 1 – топ айран мен құртты жарнамалады, 2 - топ: сабын,тіс пастасы, 3-топ : жеміс –жидек пен көкөністерді жарнамалады. .«Кім жылдам?» бөлімінде ас, тағам туралы мақал - мәтелдер айтып жарысты. І-топ Дұрыс тамақтануды қалай түсінесіңдер? ІІ-топ Қандай пайдалы тағамдарды білесің? ІІІ-топ Зиянды тағамдар туралы не білесің? тақырыптарында постер қорғады. Тәрбие сағаты нәтижесінде оқушылар дұрыс тамақтану – денсаулықтарының кепілі екендігін түсінді.