04
февраль
2023
📚📚📚"Ай мен Айша" Шерхан Мұртаза
📚📚📚"Ай мен Айша" Шерхан Мұртаза
📚📚"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектепішілік "Театрдың ғажайып әлемі" "сахналандырылған көрініс байқауына "Шерхан Мұртаза" ауылының білім алушылары "Ай мен Айша" романының желісімен драмалық қойылым сахналады.Драмалық қойылымның өн бойында Ұлы Отан соғысындағы халықтың ауыр тұрмысы, сондағы замана бейнесі, адамдардың болашаққа деген үміті мен ұмтылысы, арман-аңсары тұтастай өріліп отырады. Сонымен қатар, майданның қамын жасап және тылдағы адам төзгісіз ауыр еңбектің барлық ауыртпалығын бастан өткізген ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысы сәтті суреттелді. Соғыс қайғысы Мұртаза мен Айшаның отбасын да айналып өтпегендігі, отбасының тірегі болып жүрген Мұртаза «халық жауы» атанып, итжеккенге айдалып кете барғанын, үш баланы қалайда аман-есен жетілдіріп, азамат қатарына қосуды өмірлік мақсат еткен Айша ананың бейнесі, аспандағы Ай – Айша екеуінің де ажырамас сырласы, өмірінің куәгері екені– шығармадағы да, қойылымның да басты өзегі екенін көрсете білді.
Жауапты сынып жетекшісі Г.Маукебаева