04
октябрь
2022
Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл
🙌🏼Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, шындықтың шырақшысы атанған Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толып отыр.
⠀
📌Осы күнге орай назарларыңызға жазушының танымал шығармаларын ұсынамыз:
⠀
1️⃣«Қызыл жебе» – ірі қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірін, туған ортасы мен ел үшін істеген қызметін танытатын кең тынысты шығарма. Роман Тұрардың балалық шағы мен өскен ортасын, тегін, Сібірге айдалып бара жатқан әкесі Рысқұлдың өмірін, әке кегін баяндаудан басталады. Шығармаға өзек болған сюжеттер Тұрардың өсу, қалыптасу, кемелдену кезеңін көрсетіп, қиын өмірдегі күрделі тартыстардың бел ортасында жүрген Тұрардың бейнесін асқақтата түседі.
⠀
2️⃣«Ай мен Айша» романы Шерхан Мұртазаның өз өмірінен сыр шертеді. Романда ашыршылық жайлаған зұлмат жылдарда дүниеге келіп, қазақ зиялылары репрессияға ұшыраған жылдарда әкесінен айырылып, одан кейін Ұлы Отан соғысының тауқыметін бастан өткеріп қанша қиыншылық көрсе де, еңсесі түсіп езілмей, ағынға қарсы жүзе білген Барысхан деген баланың өмірі және сол балаға өшпестей үміт сыйлап, өмірлік шам-шырағы, қайсар қаһарманы болған анасы Айша жайында баяндалған.
⠀
3️⃣«Интернат наны» – жүрекке жылы тиетін, нан қадірін ұғындыратын әңгіме. Шығармада соғыс жылдарынан кейінгі интернат өмірі суреттеледі. Шығармасында ас атасының қадірін интернаттағы оқиғалар арқылы түсіндірген жазушы бір тілім қара нанның сол балаларды қандай биік дәрежеге жеткізгенін көрсетеді де, нанның қадірін білуге үндейді.