«Ризашылық- мейірімділік бұлағы»бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен брифинг » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ризашылық- мейірімділік бұлағы»бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен брифинг
14
февраль
2023

«Ризашылық- мейірімділік бұлағы»бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен брифинг

✔️✔️«Ризашылық- мейірімділік бұлағы»бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен брифинг

✔️✔️ Білім алушыларға ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, мейірімділік, қайырымдылық, сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілікке, сыпайылық қарым-қатынасқа, кішіпейілділікке , ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Ризашылық- мейірімділік бұлағы» тақырыбында "Меркі тынысы" газетінің журналисті - Алихан Нуралиев, "Жастар" ресурстық орталығының инспекторы - Асадова Севиль және мектеп-гимназияның "Жас тілшілер", "Білім ФМ радиосы" үйірмелерінің білім алушыларымен брифинг өткізілді. Іс-шарада жүргізуші Кикабай Фариза жалпы "ризашылық" ұғымымен бөліссе,Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнур Кумисбекқызы қайырымдылық дәстүрлерін әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау, репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейірімділік пен ақ көңілділік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер туралы мәлімдеме жасаса, "Меркі тынысы" газетінің журналисті - Алихан Нуралиев, өскелең ұрпаққа адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі,көңілі үшін ризашылық білдіруі, мейірімділік, қайырымдылық қасиеттер қашан да артық етпейтінін, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Асадова Севиль - мектепте оқитын түрлі ұлт өкілдерінің бір-біріне мейірбандық танытып, өз туғанындай қабылдаған қазақ халқына, мектепке алғысын білдірді! Мектеп-гимназия директоры Мадина Болатқызы, адам өзінің өмірге келеніне қуанып, риза болуы, қолындағы барын қанағат тұтып, алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталатындығын айтып қорытындылады. Кітапхана меңгерушісі Сарсекүл Анарбекқызы үйірме мүшелерін мейірімділік, рақымшылық, қайырымдылық туралы кітап оқуға шақырып, үйірме мүшелері жетекшісі Гулфария Аманқызымен "Бір- бірімізді бағалап, қадірімізді біліп, ризашылығымызды білдіріп алғыс айта жүрейік! " сөздерімен іс-шараны аяқтады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив