19
июнь
2019
«Керім-ай» бишілер тобының есеп беру кеші
Мектебіміздің «Керім-ай» бишілер тобына хореограф Айгерім Мухамеджан жетекшілік етеді.Топтың жеткен жетістіктері көп. 2018-2019 оқу жылының басынан бастап өткізілген байқаулардың бәріне үзбей қатысып келеді. Мысалы «Бейбітшілік әлемі» атты халықаралық өнер фестиваліне қатысып бас жүлдеге ие болды.Әрине,бас жүлде кез келген адамға беріле салатын оңай нәрсе емес.Әр бидің қойылымы жаңа дайындалады.Киетін костюм жаңадан тігіледі. Республикалық «Дарабоз» ән-би байқауында «Керім-ай» бишілер тобы өзгелерден басым түсіп,бас жүлдені иеленді.Бұдан кейін өткен республикалық «Дала сазы» байқауында хореография жанры бойынша ересек тобы, кіші топ бірінші орынды, облыстық «Қош келдің, Наурыз!», аудандық «Ақ шағала» байқауларында бас жүлде, І орындарды иеленгені төккен тер, еткен еңбектің өтеуі деуге болады.Тынымсыз еңбек дейтініміз,сабақ кестесінен тыс кездері де,оқушыларын шақырып, сенбі,тіпті жексенбі күндері де шақырып,биді үйретіп жатқанының талай рет куәсі болып жүрміз. Бір жылдағы үйренген билерін жинақтап, есеп беру кешін өткізілді. Көрермен назарына бір жыл бойы өнер ұжымының дайындаған билері ұсынылып келген қонақтарды ерекше сезімге бөледі.Олардың арасында шығыс биі, «Латино» Ча-ча-ча, кішкентай үнді биі, «Жадо», «Қара жорға», «Хорезм», «Әзірбайжан», «Кеселер», «Кең дала», клубтық билер. Ал мерекелік кешті өнерлі ұжымның ең кішкентай бишілері «Қазақ халқының әндерінен попурри» биімен ашты.Педагогтың жұмысына ата-аналар да дән риза. Алдағы уақытта да, жас бишілерімізге тек қана алға, биіктерден көріне беріңіздер демекпіз!