09
сентябрь
2019
«Денсаулық фестивалі -2019»
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру, денсаулықты нығайтуға әрбір азаматтың бірлескен жауапкершілігін арттыру мақсатында 2019 жылы 7 қыркүйекте «Денсаулық сандарына жет!» ұранымен «Денсаулық фестивалі-2019» ұйымдастырылып, іс-шаралар жоспары құрылды.
«Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда!» ұранымен салтанатты жиынмен ашылып, мектеп директоры А.Алтынбаева құттықтау сөз сөйлеп, бүгінгі күннің маңыздылығына тоқталып өтті. Медбикелер Ж.Атикова, Г. Отарбаева «Біз СӨС-ті ұстанамыз» акциясын ұйымдастырып, дәрістер оқыды. «Өмір бойғы ұран – салауатты өмір салты!» ұранымен спорттық шаралар, эстафеталар, массалық физкультшынықтыруларды өткізілді. Әр сынып лозунг, ұран, флешмоб дайындады, «Дені саудың рухы сау», «Салауатты рух» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді.Фестиваль соңында спорттық іс-шарада жеңіске жеткен сыныптар, оқушылар марапатталды. «Денсаулық фестивалі - 2019» іс-шарасына 1-11 сынып оқушылары және сынып жетекшілері түгел қатысты.