21
апрель
2023
⚜️⚜️«Ұлы даланың фольклоры»
⚜️⚜️«Ұлы даланың фольклоры»
⚜️⚜️⚜️Қазақтың болмысы Ұлы даланың теңдессіз құндылықтарымен бейнеленеді. Оның тамыры өткен мыңжылдықтарда жатыр. Білім алушыларды патриотизмге, туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбие беру, қазақ халқының қол жеткізген мәдениетімен таныстыру, музыка мұрағатын таныстыру, Қазақстан халқы туралы этномәдени білімдерін қалыптастыру, ұлттық патриоттық санаға тәрбиелеу мақсатында Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Ұлы даланың фольклоры» танымдық сағаты өткізілді. Іс-шарада білім алушылар әр кезеңде, әр жанрда, әр стильде жазылған Ұлы дала мұрагерлерінің өткен жүзжылдық бойы ауызша халық шығармаларынан, аңыздарынан,қиссаларынан, эпостарынан, қазақ композиторларының танымал музыкалары, ұлттық музыкалық аспаптары «Жетіген», «Қылқобыз», «Тайтұяқ», "Асатаяқ" тағы да басқа ұлттық асаптардың шығу тарихы туралы ақпаратпен танысты. Даналық мәйегі болған қазақтың мақал-мәтелдерін ребус арқылы жалғастырып, мектеп кітапханашысы М.Қожайбаева "Ұлттық аспаптар", "Ұлы дала фольклоры", әДаналық әліппесі" арқылы күйлер мен әндерді тыңдауға болатынын айтып таныстырды. Іс-шара соңында "Меркі әуендері" ансамблі мүшелері келіп фольклорлық квартет ән-күйлерін тартулады. Жауапты: көркемдік жетекші А.Аманқос