Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы
08
декабрь
2018

Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы

Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры А.Алтынбаева сөз алды:
- Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақаласында төл тарихымыз бен мәдениетімізді жіктей келе тарихи сананы жаңғырту мәселесін көтеріп, 6 бірдей жобаны ұсынып отыр. Оның ішінде, «Ұлы дала тұлғалары» серияларын шығаруды құп көреді. Оқиғалар мен тұлғаларды уақыт тізбегі бойынша бір жүйеге келтіру тарихымыздың нағыз жетіспей тұрған тұсы десек те болады. Жаяу жүрсе - бір қазақ, атқа мінсе - мың қазақ,- демекші ертегідей ескі заманның өзінде даланың дүлділі сәйгүлікті қолға үйретіп, адамзат баласына атқа міну мәдениетін қалыптастырып, тасты талқандап, болатты балқытып, темірден түйін түйіп, дала заңына бас ұрған данышпан қазақ екені тайға таңба басқандай жазылған бұл мақалада. Ендігі осы бай тарихымызды түгендеп, өткенімізді жаңғыртып, өшкенімізді қайта жағу жолында «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасының маңызы айтпасада белгілі. Себебі ұлтымыздың ұлылығын дәлелдейтін деректер мен тарихи тың материялдар шаң басқан архивтермен ұлы тұлғалардың еңбектерінде екені ақиқат. Міне осы орайда мемлекет басшысының ұсынып отырған «Ұлы даланың ұлы есімдері» және «Ұлы Дала тұлғалары» сынды жобаларды мақалада көзделген мақсаттарды жүзеге асыру жолындағы атқаратын рөлін ерекше!
Екінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Айтбаева:
-Болашаққа бағдар:руxани жаңғыру мақаласында біз ұлттық кодымызды ұмытпай, әлемге өзімізді таныту керек болатын болса, «Ал «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында біз кім екендігімізді анықтадық. Президент біздің тариxқа көптеген әртүрлі ұлт өкілдері еңбек сіңіргенін нақтылап айтты, «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» бөлімінде 1.Атқа міну мәдениеті, 2.Ұлы даладағы ежелгі металлургия, 3. Аң стилі, 4. Алтын адам, 5. Түркі әлемінің бесігі, 6. Ұлы Жібек жолы, 7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны қыры бар. Міне, осы маңызды болып табылады. Біз өзіміз үшін айқындалып алумен қатар кім екендігіміз және қандай бағытпен дамитындығымыз жөнінде бар әлемге xабар бердік. Біз кім екендігімізді танып қана қоймаймыз, оны ары қарай зерттейміз. алдымызда Көптеген тариxи жобаларды жүзеге асыру міндеті тұр!
Үшінші мәселе бойынша тарих пәні мұғалімі Н.Абишева:
Мақаланы оқып шыққаннан кейінгі алғашқы байқайтынымыз, ойды жеткізудегі ерекше мәнерлілік, дәлдік пен қарапайымдық. Сонымен бірге, бұл еңбек мейлінше терең, күрделі әрі кемелдігімен ерекшеленеді. Мақаланың екінші бөлімі 1. Архив – 2025, 2. Ұлы даланың ұлы есімдері, 3. Түркі әлемінің генезисі, 4. Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі, 5. Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы, 6. Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі атты жобаларға тоқталып, ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңғырту жайына кеңінен тоқталған. Әсіресе жас буынды ұлттық тәрбиемен сусындату керектігі жазылған. Ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашатын сапалы балалар фильмдері мен мультипликациялық сериалдарды аса қажет ететін өскелең ұрпақтың да талғамына ерекше назар аудару керек. Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ бүкіл əлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар екендігін Елбасы тілге тиек еткен.
Шешімі:
1.Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы атты мақаласын ұйымдастыру және ілгерілету жұмыстары кеңінен насихатталсын.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив