«Мемлекеттік рәміздерім-мақтанышым»
Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар – ожданы мен қадір қасиетін, Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата – анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам – қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға міндетті екенін түсіндіру мақсатында «Мемлекеттік рәміздерім-мақтанышым» атты онкүндік өткізілді. «Всезнайки» шаңырақ оқушылар қауымдастығы рәміздер туралы викториналық сұрақтарға жауап беріп, рәміздер тарихына шолу жасалды.Оқушылар мемлекеттік рәміздердің авторлары туралы, рәміздер туралы деректермен кеңінен танысты. Әнұран тұңғыш рет қай жылы айтылғанын және шет елдерде қандай жағдайда мемлекеттік Әнұран орындалатыны туралы толық мәлімет берілді. Тудың, Елтаңбаның қай жерде ілінуі керектігі туралы толық мәлімет берілді. Кітапханада Ф.Умбеталиева, С.Мауленкулова «Ел рухы-рәміздер» тақырыбында көрменің мән – мәнісін түсіндіріп өтті. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, тәрбиелік мәні зор болды.