05
декабрь
2023
«Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі»
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында қыз бала тәрбиесінің ерекшелігі, жасөспірім қыздарға рухани-адамгершілік тәрбие беру, қыздарға тән мінез-құлық, қыз бала мәдениеті, қыз баланың қоғамдағы орнын айырықша түсіндіріп, эстетикалық тәрбие беру, қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту, жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу мақсатында 10"А" сынып қыздарымен "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында салауаттылық, бос уақытты тиімді ұйымдастыру, маскүнемдік, шылым шегудің әсері бойынша тренингтер өткізілді, қыз баланың жеке гигиенасы, сұлулық сырлары, мәдениеті, тәрбиесі, сөйлеу әдебі тақырыптары бойынша ой-пікірлерімен бөлісіп, іс-шара соңында "Релаксация" мектеп психологтары Е.Олжабаева, М.Нурмухамбетова жүргізді
Жауапты сынып жетекшісі Г.Маукебаева
#Біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministirligi
Жауапты сынып жетекшісі Г.Маукебаева
#Біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministirligi