05
декабрь
2023
"Үйірме жұмыстары арқылы білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру" үйірме онкүндігі
Бүгінде әрбір ата-ана баласын заманға сай жан-жақты, спортшы, өнерлі етіп өсіргісі келеді. Ал, үйірме – өнер бастауы. Оған қатысу арқылы бала белгілі бір өнерді үйреніп, білімді меңгеріп қана қоймай, қоғаммен араласады. Қатарластары арасында өзіне деген сенімділігі артады, жас жеткіншектің интеллектуалды дамып, кәсіби бағдарлануына да үйірменің тигізер үлесі ерекше! "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп -гимназиясында "Үйірме жұмыстары арқылы білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру" үйірме онкүндігінің ашылу іс-шарасы болып өтті. Іс-шараны мектеп-гимназия директоры Мадина Болатқызы ашып, үйірмелер – білімқұмар шәкірттердің алдағы уақыттағы бағындырар белесіне апарар даңғыл жолдың бірі екенін айтып өтті.
Шығармашылық, көркем-эстетикалық, экологиялық, спорттық бағытындағы үйірмелердің білім алушылары өз үйірмелерімен таныстырып, алдағы онкүндік аясында ашық есік, ашық сабақтардың жоспарымен таныстырылды.
#біртұтас_тәрбие