11
октябрь
2023
"Адалдық - ардың ісі"
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында білім алушылардың бойына адалдық, парасаттылық, ар-ұят құндылықтарын дарыту, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, рухани адамгершілікке және азаматтық патриоттық рухта тәрбиелеу, саяси құқықтық білімін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез –құлқын қалыптастыру мақсатында Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиямызда "Адалдық - ардың ісі" атты білім алушылары арасында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелерін қабылдау салтанаты болып өтті. «Адал ұрпақ» клуб мүшелігіне қабылдау және клубтың эмблемасын мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнур Кумисбековна, психолог Елеуов Олжабаева, Кітапханашы Маржан Кожабаева, ұстаздар Индира Айдархановна, Ержан Тұңғышбекұлы табыстап, жан дүниесі, рухани әлемі таза адамның әрқашан абыройы асқақ, беделі жоғары екенін, адалдық – адамгершілік парасаттың ең биік шыңы екеніне тоқталып, бойлары жігерге толы, ел өркениетінің дамуына сүбелі үлес қосуға, қоғамдағы түрлі болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын-алуға өздерінің белсенді іс-әрекеттерімен көріне білуіне -жас өскіндердің мақсаты биік, міндеті айқын болуын тіледі! "Адал ұрпақ" клуб мүшелері ант қабылдап, ұрандарымен таныстырды. "Адалдық" туралы қабырға газеттерін дайындап, көрініс көрсетті. Аталған іс-шарадан білім алушылар жалпы сыбайлас жемқорлық деген не екенін, пара беріп сатып алудың зардаптары, құқық бұзудың салдары неге апарып соғатыны туралы көптеген мағлұматтарды біле алды#adalurpak
#Біртұтас_тәрбие
#Біртұтас_тәрбие