07
декабрь
2023
"Аяқпен көтеріп тастау" ("Еркін күрес" үйірмесі)
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында "Үйірме жұмыстары арқылы білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру" үйірме онкүндігі жоспары негізінде білім алушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, жастарды қазақ күресімен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, достық пен өзара татулық қатынастарды нығайту мақсатында Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының "Еркін күрес" үйірмесінде "Аяқпен көтеріп тастау" ашық сабағы өткізілді. Сабақта білім алушылар дайындық жаттығулары, тыныс алу жаттығулары, күштемелі жаттығулар, әдісті қолдану жаттығулары, имитация жасау арқылы аяқпен көтеріп тастау дағдыларын меңгерді. Үйірме жетекшісі: Н.Қалысбаев
#Біртұтас_тәрбие
#Біртұтас_тәрбие