12
декабрь
2023
«Толқыма элементтер» ("Керім-ай" хореография үйірмесі)
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында "Үйірме жұмыстары арқылы білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру" үйірме онкүндігі жоспары негізінде білім алушылардың қазақ халқының ұлттық нақышын айқындайтын би өрнектерін үйрету, қазақ билерінің өзіндік ерекшеліктері мен орындалу өрнектерін жете білу, қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, әдет-ғұрпымен, салтымен, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп келе жатқан қасиетті дәстүрлерімен таныстыру,білім алушылардың би өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру, тұла бойының әсем жаратылуының қалыптасуына, сымбаттылыққа, кәсіби деңгейде билеуге үйрету мақсатында "Керім-ай" хореография үйірмесінде «Толқыма элементтер» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақта қазақ би өнерінің әліппесі ең алдымен денені түзү ұстаудан басталып, дене жаттығулары, жүріс түрлері, қолға арналған жаттығуларды орындап, «айналма», «қол сілтеу», «жалын», «қос жылан», «толқын» қолға арналған би элементтерімен танысып, табан жүріс, өкше жүріс, қос табан, шалқыма, айналма жаттығуларын қайталады. Қауіпсіздік ережелері ескерілген соң, "Кең дала" күйіне үйренген би элементтерін қосып би композициясын құрастырды.
Үйірме жетекшісі: А.Мұхамеджан
#Біртұтас_тәрбие
Үйірме жетекшісі: А.Мұхамеджан
#Біртұтас_тәрбие