01
февраль
2024
"Балалар әдебиетінің атасы"
"Балалар әдебиетінің атасы" "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында "Балалар кітапханасы" жобасының іс-шаралар жоспарына жоспарына сәйкес, қазақ балалар әдебиетінің авторларының өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту мақсатында "Балалар әдебиетінің атасы" тақырыбында оқырмандар конференциясы өткізілді. Іс-шарада білім алушылар қазақ балалар әдебиетінің атасы -Бердібек Соқпақпаевтың өмірбаянымен танысып, "Менің атым-Қожа" повесін оқып, кинонұсқасымен салыстырып, өмір бар жерде тартыс бар, әр уақыттың адам алдына көлденең тартатын қиындығы бар адам өмірі солардың бәрін жеңуге арналғанын, адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттердің осындай қиындық кезінде анық байқалатынын талқылап, адам баласының өмірге келген соң сол адам атты ұлы есімге дақ түсірмей, адалдықты ту етіп ұстана білуі, елі мен жеріне, Отанына қалтқысыз қызмет ете білу әркімге ұлы міндет жүктейді деген ой түйіндеді. Кітапханашылар С.Мауленкулова, М.Кожайбаева QR код арқылы тағы көптеген шығармаларын оқуға болатынын айтып түсіндірді. Жауапты: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Е.Оразбаев#біртұтас_тәрбие